Анкарада Түріксойдың ат жарысы болды

Жарыс Түріксойдың 25 жылдығына арналды.

1011980
Анкарада Түріксойдың ат жарысы болды

Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы Түріксойдың 25 жылдығына арналып Анкарада ат жарыс ұйымдастырылды.

Анкара 75-шы Ипподромында болған жарыстан бұрын түрік әлемінің суретшілерінің туындыларынан тұратын сурет көрмесі ашылды.  Сондай-ақ Түріксой Жастар камералық оркестрінің концерті болды.

Түріксой ат жарысына Түркия шабандоздар клубы атынан Атқару комитеті мүшесі Хакан Юджетүрік, СКТР-ның Анкарадағы елшісі Фазыл Джан Коркут,  Сыртқы істер министрлігінен Сердар Дениз, Озан Шафак Кочак,  Анкара Ипподромы директоры Мехмет Ширин Бозкурт қатысты.

Жарыстан кейін жеңімпаз атанған аттың иесі Мехмет Емре Хадиоғлуна кубогын Түріксой Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов табыс етті.



Ұқсас жаңалықтар