Өзбекстан мен Талибан арасында келіссөздер басталды

Өзбекстан Сыртқы істер министрі тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

Өзбекстан мен Талибан арасында келіссөздер басталды

Өзбекстан Республикасы Ауғанстан үкіметімен тікелей келіссөздерге қатысуды қамтамасыз ету үшін Талибанмен келіссөздердің басталғанын жариялады.

Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің жазбаша мәлімдемесінде наурыз айында Ташкентте ұйымдастырылған Ауғанстан конференциясы қатысушыларын ортақ көзқарасқа келтіру мақсатты Өзбекстан байланыс орнатқан Талибан қозғалысының жоғары деңгейлі лауазымдыларымен келіссөз жүргізілгені атап көрсетілді.

Мәлімдемеде келіссөздер барысында Ауғанстанда ұзақ мерзімді бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін елдің экономикалық өркендеуіне бағытталған келіссөз бен екі жақты ынтымақтастықтың болашағы тұрғысынан мәселелерді қолға алғандарын білдірді.

Мәлімдемеде Ауғанстан Конференциясында қабылданған келісімдер төңірегінде Өзбекстанның аталмыш елдегі жағдайдың тұрақтануы және әлеуметтік-экономикалық өсуге берген қолдауын жалғастыратыны атап көрсетілді.

Бұл аяда Өзбекстанның өткен кезеңде ауған үкіметі, АҚШ, Қытай, Ресей, Еуразия аймағы, Оңтүстік Азия, Таяу Шығыс елдері және Халықаралық байланыс тобы елдерімен бірқатар кеңес жиналысы мен кездесулер өткізгені білдірілді.

Мәлімдемеде Ауған үкіметі мен Талибан қозғалысы арасында Ораза айтқа орай қабылданған өзара атысты тоқтату бітімін Өзбекстанның ризашылықпен қарсы алғанын және Ауғанстан мемлекет басшысы Эшреф Ганидің атысты бір жақты созу шешімін мерзімсіз созуын үміт еткенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар