Қазақтың талантты суретшісінің көрмесі Анкарада

Түркияның бас қаласы Анкарада қазақтың жас суретшісі,  өнертанушы Кәрім Байғұтовтың жеке көрмесі ашылды.

Қазақтың талантты суретшісінің көрмесі Анкарада
Қазақтың талантты суретшісі Кәрім Байғұтовтың Анкарадағы көрмесі
Қазақтың талантты суретшісі Кәрім Байғұтовтың Анкарадағы көрмесі

Түркияның бас қаласы Анкарада қазақтың жас суретшісі,  өнертанушы Кәрім Байғұтовтың жеке көрмесі ашылды.

Түркияның бас қаласы Анкарада қазақтың жас суретшісі,  өнертанушы Кәрім Байғұтовтың жеке көрмесі ашылды.

ТР Хаджеттепе Университетінің докторанты Байғұтовтың «Сапырылысқан әлем» атты жеке көрмесінің Анкара төріндегі беташарына Қазақстан Республикасының Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Абзал Сапарбекұлы, ТР Үкіметі жанындағы Бұқаралық ақпарат басқармасының директоры Мехмет Акарджа, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Өкілетті кеңес төрағасы Муса Йылдыз, анкаралық өнер сүйер қауым мен қазақстандық жастар қатысты.

ТР Үкіметі жанындағы Бұқаралық ақпарат басқармасының көрме залында ашылған көрменің беташар баяндамасын оқыған басқарма директоры және президенттің бас кеңесшісі Мехмет Акарджа мырза жақында ғана ашылған көрме залында бірінші рет көрме ұйымдастырылғанын,  алғашқы көрмені Қазақстанның өнерпазының ашқанына қуанышты екенін атап көрсетті. «Бұл – мақтан тұтарлық оқиға. Көрме залымызда өтетін бірінші көрменің қазақ суретшінің көрмесі болғанына қатты қуаныштымыз. Жас суретшіге есігіміз айқара ашық» деді ол.

Аталмыш көрмені ұйымдастырушылардың бірі, «Көкту» қазақ мәдениет қауымдастығының төрайымы Ләззат Мұқсатова болса жақында құрылған қауымдастықтың алғашқы шараларының бірі осы көрмені қауымдастықтың құрушы мүшелерінің бірі, суретші Кәрім Байғұтовтың дайындағанын айтты. Лаззат ханым сөз кезегінде қауымдастықтың жұмыстарына қолдау беріп,  көрмені ашуға септігін тигізген Қазақстан елшілігіне алғысының зор екенін атап көрсетті.

Сөз кезегінде Қазақстанның өкілетті және төтенше елшісі Абзал Сапарбекұлы «Тамыры тереңге жайылған көне түрік әлемінің бай әлемі мен бітпес қазынасын таныстыру - мақтан тұтарлық оқиға. Оның ішінде ұлттық дәстүрлеріміз бен құндылықтарымызды әрі өзіміз түсініп,  әрі әлемге түсіндіру өте маңызды. Міне,  енді өз арамыздан шыққан талантты жас суретшіміздің шығармаларын бауырлас Түркияда таныстыру, оның шығармашылығына қолдау беру де бауырлас елдер арасындағы мәдени қарым-қатынастар тұрғысынан өте маңызды. Біз бауырлас елдер өзімізді, мәдениетімізді,  тарихымызды насихаттауда бір-бірімізбен жарасымды жарыста болуымыз керек» деді.

Көрменің ашылу салтанаты барысында жас суретші, әртүрлі ұлттық және халықаралық байқаулардың лауреаты Кәрім Байғұтов өнерге деген сүйіспеншіліктері, жас өнерпаздарға көрсеткен қолдауы үшін ТР Үкіметі жанындағы Бұқаралық ақпарат басқармасы директоры Мехмет Акарджа мырза мен Өкілетті елші Абзал Сапарбекұлына өз шығармаларын сыйға тартты.

Қазақстанның өкілетті елшісі Сапарбекұлы Кәрім Байғұтовты қазақ өнерін, қазақ елін таныстыруға қосқан жеке үлесі үшін алғыс хатпен марапаттады.

Артынша беташарға жиналған зиялы қауым және елшінің де қатысуымен көрменің тұсауы кесіліп, ақ жол тілектері айтылды.

Түркияда білімін ұштап, қабілетін жетілдіріп жүрген суретші қонақтарды шығармаларымен жақыннан таныстырды.

Көрмеде суретшінің адамның ішкі әлемін, сан-алуан сезімін,  жан айқайын бояуға төккен, тамашалаған қауымның жүрегіне жеткен, көз тартатын 40-тан астам картинасы орын алуда.

Көрме залына жиналған өнер сүйер қауым да, өнер саласы ұстаздары да қазақтың талантты жігітінің түрлі техникада дайындалған шығармаларын жоғары бағалады.



Ұқсас жаңалықтар