Қазақстан Бразилияға уран жеткізді

Қазақстан осылайша әлемдік ядролық отын нарығына өз өнімдерін жеткізу географиясын кеңейте түсті.

Қазақстан Бразилияға уран жеткізді

 «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы Бразилияның мемлекеттік «Indústrias nucleares do Brasil» (INB) компаниясына уран жеткізді.

Қазатамөнеркісіптің хабарламасына қарағанда, Қазақстанның ұлттық атом компаниясы әлемдік ядролық отын нарығына өз өнімдерін жеткізу географиясын кеңейте түсті.

Қазақстан компаниясының INB компаниясына уран жеткізу тендерін жеңіп шыққанын еске салған хабарламада: «Келісім аясында уранды жеткізудің бірінші сатысы аяқталды. Келісім  атом энергиясын бейбіт пайдалану жөніндегі Қазақстан-Бразилия ынтымақтастығын дамыту және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өнімдерін өткізудің жаңа нарығын іздеу тұрғысынан үлкен маңызға ие” деп айтылды.

Ядролық жағармай өндіретін бразилиялық компанияның істерін Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік бақылап отырады.

Оңтүстік Қазақстан,  Қызылорда және Ақмола өңірлеріндегі 20 кен орнында жылына 20 мың тоннадан астам уран өндіретін Қазақстан осы салада әлемде көш бастап келеді.

Қазақстан Қытай, Америка Құрама Штаттары, Оңтүстік Корея, Жапония, Үндістан мен Еуропа Одағы елдеріне уран экспорттауда.



Ұқсас жаңалықтар