Солотүрк Астанада аспанында шарықтайды

Түрік Қарулы күштерінің мақтанышы Қазақстанда өнер көрсетеді.

Солотүрк Астанада аспанында шарықтайды

Түрік Қарулы күштерінің мақтанышы «Солотүрк» пилотаж тобы Қазақстанның бас қаласы Астана аспанында шарықтайды.

23-26 мамыр күндері аралығында Астанада өтетін «KADEX - 2018» қару-жарақ және әскери-техникалық V Халықаралық көрмесіне қатысатын топ үш күн бойы авиашоу өткізеді.

Түрік Әуе күштерінің заманауи және жоғары әлеуеті бар F-16 ұшақтарының қабілетін, офицерлердің жоғары білімі мен біліктілігін көрерменге паш ететін түрік тобы Солотүрк Астана аспанында шарықтауға дайын.

Көрме ашылатын 23 мамыр күні бірінші шоуын қоятын Солотүрк 25 және 26 мамыр күндерінде сағат 12 мен 13 арасында тағы екі авиашоу жоспарлап отыр.



Ұқсас жаңалықтар