Түркияда білім алу мүмкіндіктері таныстырылды

Астанада қазақ жастары үшін семинар өткізілді.

970271
Түркияда білім алу мүмкіндіктері таныстырылды

Халықаралық Студенттік қызметтер қоғамы ISSA Қазақстанның елордасы Астанада қазақ жастары үшін Түркияда білім алу мүмкіндіктерін таныстырды.

Астанада Түрік университеттерін таныстыру семинарына Халықаралық Студенттік қызметтер қоғамының басшысы Дурсун Айдын, Түркияның Қазақстандағы елшілігіндегі білім беру қызметкері Абдулмутталиб Четин,  студенттер және ата-аналар қатысты. Бағдарламада қатысушыларға түрік университеттерінде білім мүмкіндіктері жөнінде егжей-тегжейлі мәлімет берілді.

Соңғы үш жылда Түркияда білім алған шетелдік студент санының 65 мыңнан 130 мыңға жеткенін білдірген Айдын осы көрсеткіштің 40 мыңының түрік республикаларынан келген студенттер екенін баса көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар