Татарстаннан түрік футболшыға орден

Гөкдениз Караденизге «Қызметі үшін» ордені берілді.

Татарстаннан түрік футболшыға орден

Ресей Федерациясына қарасты Татарстан Республикасының Рубин Қазан командасында ойнап жүріп, футбол карьерасын тастауға шешім берген түрік футболшы Гөкдениз Караденизге «Қызметі үшін» ордені берілді.

Клуб басшылығы Гөкдениз Карадениздің елдегі футболдың дамуына қосқан үлесіне орай Татарстан Республикасы тарапынан орденге лайықты деп табылғанын  білдірді.

Гөкдениз Ресей Премьера лигасының 29-шы аптасында кеше кешке Уфамен болған матчта соңғы рет жанкүйерлер алдына шықты.

Рубин Қазан командасында 300-ші матчына шыққан тәжірибелі футболшының жанкүйерлерімен қоштасуы барысында тамаша сәттер болды. Клуб қызметкерлері және жанкүйерлердің қошаметі арасында көгалға отбасымен бірге келген Гөкдениз қоштасу сөзін сөйледі.

«Жаттықтырушы ретінде футбол әлемінде болуды қалаймын» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар