Қазақстанда тұру ықтияр хатын ең көп алғандар – Түркия мен Қытай азаматтары

2017 жылы Қазақстанға 5 миллион 600 мың шетелдік азамат келді.

Қазақстанда тұру ықтияр хатын ең көп алғандар – Түркия мен Қытай азаматтары

Қазақстан Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов мәжіліс отырысында сөз сөйлеп,  ресми деректерге қарағанда 2017 жылы Қазақстанға 5 миллион 600 мың шетелдік азамат келгенін білдірді.  Осы көрсеткіштің 90 пайызынан көбін Өзбекстан,  Ресей және Қырғызстан секілді Тәуелсіз Мемлекеттік Достастығы елдері азаматтары құрайды.

Министр Қазақстанда тұру және жұмыс істеу мақсатымен келген шетел азаматтары тақырыбына да тоқталды.  Қасымовтың айтуынша Қазақстанда тұру мақсатымен елге келген шетел азаматтары саны жыл өткен сайын артуда. Бүгінге дейін Қазақстанда 620 мың шетел азаматына ықтияр хат берілді.  Бұлардың көбі – Түркия және Қытай азаматтары.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі деректеріне қарағанда, 2017 жылы 83 мың Қытай, 12 мың 400 Түркия азаматы Қазақстанда тұру құқығына ие болды.



Ұқсас жаңалықтар