Халықаралық Қожа Ахмет Ясауи симпозиумы басталды

Екі күндік симпозиум Анкарада басталды.

Халықаралық Қожа Ахмет Ясауи симпозиумы  басталды

Биыл екіншісі ұйымдастырылған Халықаралық Қожа Ахмет Ясауи симпозиумы Анкарада басталды.

Симпозиумның беташарына Ислам елдері Статистика, экономика және әлеуметтік зерттеу және білім орталығы SESRİC бас директоры Муса Кулаклыкая, Қожа Ахмет Ясауи Университеті Өкілетті кеңес төрағасы Проф. Муса Йылдыз, Өкілетті кеңес мүшесі Проф. Мухиттин Шимшек,  Түрік Ынтымақтастық және координация басқармасының төраға орынбасары Мехмет Сүрея Ер мен көптеген университет ұстаздары қатысты.

Беташарда сөз сөйлеген Проф. Муса Йылдыз 2016 жылы ТИКА-ның қолдауымен Диуани Хикмет сұхбаттары басталғанын еске салып: «Осы сұхбаттар басталғанда, Қожа Ахмет Ясауидің Диуани Хикметін шағатай тіліндегі түпнұсқасымен жарияладық. Балалар үшін хикая кітабын бастырдық. Қожа Ахметті балаларымыз да үйренсін деп мақсат еттік» деді.

Йылдыз сонымен бірге 2016-2017 ЮНЕСКО Қожа Ахмет Ясауи жылына орай 850 жылдық маркасы мен хатқалта шығарылғанын, айырықша күміс монета бастырылғанын еске салды.

ТИКА төрағасының орынбасары Мехмет Сүрея Ер де «Түркістан пірі Ахмет Ясауи біз үшін – жол көрсетуші. Орталық Азияда түрік-Ислам түсінігін қалай пішіндеп, біз тұрған жағрафияға қалай созылған болса,  сол секілді оның принциптері біздің аталарымыз арқылы әлемге тарады. Сол сүйіспеншілікке толы түсінік әлемді шарлап жүр.  ТИКА да осы түсініктің бір бөлшегі болу үшін жұмыстануда» деді.

Екі күндік симпозиум 5 отырыста 60 маманның қатысуымен жалғасын табуда.



Ұқсас жаңалықтар