Айтматовты еске алу жылы бастау алды

Анкарада әлемге танымал қырғыз жазушы Шыңғыс Айтматовты еске алу жылы ашылды.

Айтматовты еске алу жылы бастау алды

Бас қала Анкарада әлемге танымал қырғыз жазушы Шыңғыс Айтматовты еске алу жылы ашылды.

Айтматовты еске алу жылының ашылуына байланысты бағдарлама Малтепе Университеті Педагогика факультеті деканы Проф. Рамазан Коркмаз басқарған отырыспен басталды. Отырыста Әзірбайжан Жазушылар одағы басшысы анар Рзаев, Қазақстан Жазушылар одағы басшысы Ұлықбек Есдәулет, Қырғызстан Ғылымдар академиясы академигі Әбділжан Акматалиев қатысып, Айтматов және туындылары жөнінде көзқарастарын баяндады.

Артынан Қырғыз Ұлттық драма театры жазушының шығармалары желісімен дайындалған спектакльдерден үзінді сахналады.



Ұқсас жаңалықтар