Ясауи Университеті Азиз Санджарға құрметті профессорлық атағын берді

Нобель лауреаты түрік әлемінің жүрегінде орны ерекше екенін айтты.

Ясауи Университеті Азиз Санджарға құрметті профессорлық атағын берді

Химиядан Нобель сыйлығының лауреаты Азиз Санджар өзінің жетістіктерінде түрік әлемінің ролінің үлкен екенін айтты.

Қазақстандағы сапары аясында Түркістан қаласына барған Санджар осында Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне,  Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Түрік-Қазақ Университетіне барды.

Ясауи Университеті Азиз Санджарға құрметті профессорлық атағын берді.

Санджар осында сөз сөйлеп,  түрік әлемінің өзіне деген ықыласына риза болғанын, осы ықыласқа лайықты болуға тырысатынын айтты.

«Түркиядан басқа түрік республикалары басқа елдердің билігінде болған кезде де олар менің жүрегімде болатын.  Осы тұрғыдан түрік әлемі- мен үшін күш-қуат көзі, жетістіктерімде үлкен ролі бар» деді ол.

Санджар түрік әлемінің бұрын ғылым ошағы болғанын, мұны Еуропаның да,  Американың да қабылдайтынын, түрік әлемі тарихта 500 жыл ғылымда көш басшы болғанын,  артынан түрлі себептермен артта қалғанын айтты. «Нобель сыйлығы – өлшем емес.  Бірақ бір ұлттың, мекеменің ғылыми табысын көрсетеді» деді ол.

Атақты ғалым жастарды ғылыммен айналысуға шақырды.

Қожа Ахмет Ясауи Университетінің Өкілетті кеңес төрағасы Проф. Муса Йылдыз Нобель сыйлығын алған Санджардың Қазақстанға келгеніне қуанышты екендерін тілге тиек етті.

Азиз Санджар 20 сәуір күні де Қырғызстанның бас қаласы Бішкекте болатын «Ғылым мен ұлттық даму» атты конференцияға қатысады.



Ұқсас жаңалықтар