Түркі әлемі әдебиет журналдары конгресі Кастамонуда басталды

Түріксой мен Еуразия жазушылар одағы ортақ ұйымдастырған іс-шараға 17 әдебиет журналынан 28 редактор қатысуда.

Түркі әлемі әдебиет журналдары конгресі Кастамонуда басталды

Түркі әлемі әдебиет журналдары конгресі Кастамону қаласында басталды.

Халықаралық Түріксой ұйымы мен Еуразия жазушылар одағы тарапынан биыл 9-шы рет ұйымдастырылған іс-шараға Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Башқұртстан, Қарашай-Малқар, Дағыстан, Гагауз жері, Қырым, Косово, Македония, Ирак, Иран, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР), Өзбекстан, Татарстан және Түркиядағы 17 әдебиет журналынан 28 редактор қатысуда.

Евразия жазушылар одағынан жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда конгреске Кастамону губернаторы Яшар Қарадениз, Түріксой ұйымы бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Кастамону муниципалитет басшысы Тахсин Бабаш, СКТР-ның бұрынғы Мәжіліс төрағасы Исмаил Бозкурт, Әзірбайжан Республикасы жазушылар одағы төрағасы Анар Рзяев, Қазақстан Республикасы Жазушылар одағы басшысы Ұлықбек Есдәулет және Еуразия жазушылар одағы басшысы Якуб Өмероғлу қатысуда.

Түріксой тарапынан 2018 жылы Түркі әлемінің мәдениет астанасы ретінде сайланған Кастамону Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі ТИКА-ның да қолдауымен алғаш рет қонақжайлық жасауда.

Алғаш рет 2007 жылы Стамбұлда жүзеге асқан Түркі әлемі әдебиет журналдары конгресі кейінгі жылдары кезегімен Анкара, Лефкоша (СКТР), Астана (Қазақстан), Эскишехир (Түркия), Қазан (РФ. Татарстан) және Түркістан (Қазақстан) қалаларында жиналды.

Конгресс 19 сәуір күніне дейін жалғасады.



Ұқсас жаңалықтар