Түркістандағы халықаралық симпозиум аяқталды

Симпозиум соңында қорытынды декларация жарияланды.

Түркістандағы халықаралық симпозиум аяқталды

Түркия Имам Хатиптіктер фондының (TİMAV) басшылығында Қазақстанның Түркістан қаласында болған IV Халықаралық діни зерттеулер және жаһандық бейбітшілік симпозиумы аяқталды.

Қорытынды декларацияда Ислам өркениетінің өзін қайта қарау, тамыры мен мықты дәстүрлерін, мәдени жиынтығын қайта зерттеу керектігі атап көрсетілді.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік унивреситетінің Түркістан қаласындағы қалашығында болған симпозиумға Түркия және басқа да елдерден ғалымдар мен зерттеушілер қатысты.  Үш күндік симпозиумда «Шығыс-батыс өркениетін қалыптастыруда тарих,  мәдениет,  өнер,  философия және дін» тақырыбында 16 отырыста 59 баяндама оқылды.

Др. Хаджы Ахмет Шимшек – Селчук Университеті

«Тарихта жарық әрдайым шығыстан шықты. әрбір пікір,  әрбір ойдың тоқырау уақыты болғаны секілді өркениеттердің де тоқырау уақыты болған. Бірақ 13-ғасырдан кейін жаңа өркениет туды. Әлемді сүйіспеншілікке, бауырластыққа бөледі.  Қазіргі таңда да біз өз территориямыздағы қиыншылықтан осы өркениет арқылы құтыламыз»

Проф. Др. Мүхиддин Окумушлар – Неджеметтин Ербакан Университеті

«2 мың жылдық тарихтың нәтижесінде қалыптасқан өркениеттің құрушылары ретінде бүгін қайтадан ескі күш-қуатымызға қалай қауышамыз деп ойлауымыз керек.  Симпозиумда өте маңызды да мәнді баяндамалар оқылды.  Тақырып философиялық жақтары,  өнер жағынан,  әдеби және тіт жағынан,  мәдениет,  дін жақтарынан қайта қолға алынды»

Эджевит Өксүз – TİMAV төрағасы

«Симпозиум жоспарланған мақсатына жетті деуге болады.  Әсіресе осы тақырыптың Түрік-Ислам өркениетінің бесігі саналған осы жерде ауқымды түрде өткізілуі симпозиумға ерекше мағына мен мән берді»

 



Ұқсас жаңалықтар