Қазақ радиосымен радио-көпір орнатылды

Бірінші радио-көпір Наурыз мерекесіне арналды.

Kazakça_ortak_yayın_nevruz
Қазақ радиосымен радио-көпір
Қазақ радиосымен радио-көпір

Қазақ радиосымен Наурыз мерекесіне байланысты радио-көпір орнатылды. 

Қазақстанның Мемлекеттік радиосы мен Түркия Үні радиосы арасында Наурыз мерекесіне арналған радио-көпір орнатылды.

Бірінші рет болған ортақ бағдарлама екі елдің бас қалаларында орналасқан орталық студияларда жүзеге асырылды.

Арнайы бағдарламада Наурыз мейрамының екі ел халықтарындағы тарихы, мерекенің түркі әлеміндегі маңызы және әдет-ғұрыптарына орын берілді.

Қазақ радиосы мен Түркиядағы TRT Сыртқы эфирлер департаменті Қазақ тіліндегі редакциясының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен болған радио-көпір Түркия уақытымен сағат 10-да басталды.  Бір сағаттық бағдарлама Анкара мен Астанадағы студиялардан қазақ тілінде жүзеге асырылды.

Анкара студиясына Гази Университеті Түрік тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы,  профессор Хүлия Касапоғлу Ченгел мен Анкара Университеті оқытушысы, Түркия қазақтарының көрнекті өкілі Мәриям Хакім ханымдар қонақ ретінде қатысты.



Ұқсас жаңалықтар