«Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» атты форум болып өтті

Халықаралық форумда бес елден келген 700-дей әртіс өз өнерлерін көрсетті.

«Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» атты форум болып өтті

Қазақстанның Атырау қаласында «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» атты халықаралық форум болып өтті.

Халықаралық форумда бес елден келген 700-дей әртіс өз өнерлерін көрсетті.

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев  құттықтау сөзінде «Мемлекет Басшысы, Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз сөздерінде бұл өмірде өз орнын табу үшін әрбір ұлт біртұтас, бәсекеге қабілетті болуы қажет деп бірнеше рет атап көрсетті. Бүгін біздің елімізде өмір сүріп жатқан барлық ұлттардың бірлік пен келісімде өмір сүруі үшін барлық жағдай жасалған» - деді.

Қазақстан мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған форумда түрік халықтарының дәстүрлері таныстырылды. Әзірбайжан,  Қырғызстан,  Ресей, Өзбекстан және Түркиядан келген шығармашылық топтар өз өнерлерін көрсетті.

Сонымен қатар Атырау облысында өмір сүретін түрлі ұлттардың өкілдері де өз дәстүрлі өнерлерін паш етті.

Түркиядан және түрік әлемінен өнерпаздарды Түрік әлемі мәдениетінің халықаралық ұйымы Түріксой бас хатшысы Дүйсен Қасейінов бастап барды.



Ұқсас жаңалықтар