Сыртқы істер министрлері Астанада бас қосты

Астана келіссөзінен Сирияда қақтығысты бәсеңдету аймақтарына байланысты ортақ шешім шықты.

Сыртқы істер министрлері Астанада бас қосты

Астана келіссөзінен Сирияда қақтығысты бәсеңдету аймақтарына байланысты ортақ шешім шықты.

Қазақстанның бас қаласы Астанада ТР Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу орыс әрептесі Сергей Лавров және Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джевад Зарифпен үштік кездесу өткізді. Кездесу нәтижесінде қабылданған ортақ декларацияда Сирияда Астана процесі аясында қалыптастырылған қақтығысты бәсеңдету аймақтары ісін жалғастыру үшін шешім берілгені айтылды.

Астана процесінің үш кепілгер елдері – Түркия, Ресей және Иранның Сыртқы істер министрлері қабылдаған декларацияда: «Үш ел қақтығыс бәсеңдетілетін 4 аймақ келісімін орындауды жалғастыруға шешім берді» деп айтылды.

Декларацияда айырықша Астана өткізілген келіссөздің тоғызыншы турының мамыр айының ортасында ұйымдастырылатыны атап көрсетілді.

Сонымен қатар Сергей Лавров Астанада баспасөз мәслихатында Сириядағы қақтығысты бәсеңдету аймақтарының кеңейтілуі немесе жаңаларының қалыптастырылуын талқыламағандарын айтты.

Орыс министр қақтығысты бәсеңдету аймақтары ісінің мерзімінің созылуына байланысты тұрақты емес осы істің жалғасып жалғаспайтынына әрқайсысы үшін берілген мерзім аяқталғаннан кейін шешім қабылданатынын айтты.

Сирияда қалыптастырылған қақтығыс бәсеңдетілетін 4 аймақ алғашқы сатыда алты ай мерзімге қалыптастырылған болатын.

Осы аймақтардың шекарасы бойынша қауіпсіздік желісі қалыптастырылып,  осындағы бақылау пункттерінде кімнің қызмет атқаратыны болса кепілгер елдердің келісімі аясында анықталатыны білдірілген еді.



Ұқсас жаңалықтар