ТР премьер-министрі Бакуге барады

Премьер-министр Бинали Йылдырым мен Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Әзірбайжанға барады.

ТР премьер-министрі Бакуге барады

Премьер-министр Бинали Йылдырым мен Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу 15-18 наурыз күндерінде Әзірбайжанға барады.

Әзірбайжан Диаспораға жауапты мемлекеттік комитетінің хабарламасында: «6-шы Баку Жаһандық форумына премьер-министр Бинали Йылдырым,  ТР Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу, Албания президенті Илир Мета, Черногория президенті Филип Вужанович, Македония президенті Георге Иванов пен Босния және Герцоговина Президюм мүшесі Младен Иваничтің қатысуы күтілуде» деп айтылды.

Сонымен бірге форумға басқа мемлекет пен үкімет басшылары,  министрлер, халықаралық Низами Генджеви орталығы мүшелерінен тұратын 500 қонақтың қатысатыны айтылды.

6-шы Баку Жаһандық форумы Әзірбайжан Диаспораға жауапты мемлекеттік комитеті және Халықаралық Низами Генджеви орталығының ұйымдастыруымен 15-18 наурыз күндері аралығында өтеді.



Ұқсас жаңалықтар