Қазақстан Қытайға дипломатиялық нота жолдады

ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қытайдағы этникалық қазақтардың жаппай қысымға ұшырап жатқаны туралы ақпаратты ресми түрде растады.

Қазақстан Қытайға дипломатиялық нота жолдады

ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қытайдағы этникалық қазақтардың жаппай қысымға ұшырап жатқаны туралы ақпаратты ресми түрде растады. Министр Қытайға дипломатиялық нота жолдағанын мәлімдеді.

«Бұл мәселені бақылауда ұстап отырмыз. Өйткені, ұсталған азаматтардың туыстары бізге қажетті мәліметтерді ұсынды. Аталған мәліметтер расталды. Сондықтан Қытай тарапына ресми түрде дипломатиялық арналар арқылы дипломатиялық нота жібердік. Толық мәлімет алынған соң, оның барлығын бізге өтініш білдірген Қазақстан азаматтарының туыстарына міндетті түрде беретін боламыз. Біз олармен де тығыз байланыстымыз», – деді Қайрат Әбдірахманов.

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Қамалдинов қараша айында Қытайда өмір сүрген қазақтардың шағымымен Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чжан Ханьхуэймен бас қосқан бірақ кезесу жайлы егжей-тегжейлі мағлұмат берілген болатын.

Қытайдың Шыңжаң-ұйғыр автономиялық ауданының Чинхай мен Ханс қалаларында, Іле-қазақ автономиялық облысына қарасты аудандар мен қалаларда, Алтай, Тарбағатай аймақтарында, сондай-ақ тағы бірнеше өңірдегі қазақ автономиялық аудандары мен Үрімжі қаласында 1,5 миллионнан астам қазақ өмір сүреді.

Қазақтар жергілікті билік паспорт пен басқа да ресми құжаттар бермегені себепті шетелге шыға алмай отыр.



Ұқсас жаңалықтар