Ердоған көңіл айтты

Президент Ердоған Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен телефонда сөйлесті.

891871
Ердоған көңіл айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен телефонда сөйлесті.

Президенттік аппараттың дерек көздеріне қарағанда,  Ердоған өзбек басшыға Қазақстандағы автобус өртінде қаза тапқан Өзбекстан азаматтары үшін көңіл айтты.  Апатта қаза тапқандарға Алла Тағаладан рақым, жаралыларға шипа тілеген президент Ердоған Түркия ретінде Өзбекстанның қайғысымен бөлісетіндерін айтты.

Қазақстанның солтүстік батысында Самара-Шымкент автожолында Ақтөбе қаласына 320 км қашықтықта жолаушы автобусында өрт шығып,  Өзбекстанның 52 азаматы қаза тапты, 5 жолаушы жаралы күйінде аман қалды.



Ұқсас жаңалықтар