ТР Кеден және сауда министрі Қазақстан елшісін қабылдады

Қазақстан елшісі түрік министрге Қазақстанның Тәуелсіздік мерекесіне орай «Қазақстан Құрмет медалін» табыс етті.

ТР Кеден және сауда министрі Қазақстан елшісін қабылдады

ТР Кеден және сауда министрі Бүлент Түфенкчи Қазақстанның Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Абзал Сапарбекұлын қабылдады.

Министр қабылдауда Түркия мен Қазақстанның бауырлас және дос елдер екенін айтып,  кеден басқармаларының да жақын ынтымақтастықта екенін білдірді.

Түфенкчи айырықша Түркітілдес мемлекеттер кеңесі және Жібек Жолы бастамасы секілді серіктестіктерді жетілдіру керектігін меңзеп,  мұның аймақ және Түркияға жақсы әсер ететінін атап көрсетті.

«Қазақстан мен Түркия арасында дипломатиялық қатынастардың құрылуы жөнінде хаттамаға 1992 жылы 2 наурыз күні қол қойылған еді.  Биыл Қазақстан мен Түркияның дипломатиялық қатынастарының 25 жылдығын тойлап отырмыз.  25 жылдық уақытта осы маңызды географияда дос және жақын қатынастарға жақсы мысал келтірдік деп сенеміз» деді ол.

Өкілетті және төтенше елші Сапарбекұлы да Баку-Тбилиси-Карс теміржолы магистарлінің үздіксіз жұмыс істеуі үшін Түркияның тәжірибелерінен пайдалану керектігін айтты.  Абзал Сапарбекұлы екі ел арасында кеден саласында өте маңызды жетістіктер болып жатқанын да білдірді.

Қабылдау соңында Қазақстан елшісі түрік министрге Қазақстанның Тәуелсіздік мерекесіне орай «Қазақстан Құрмет медалін» табыс етті.



Ұқсас жаңалықтар