Түрік әлемі Мәдениет астанасы - Кастамону

2018 жылдың Түрік әлемі Мәдениет астанасы болып Кастамону қаласы сайланды.

Түрік әлемі Мәдениет астанасы - Кастамону

2018 жылдың Түрік әлемі Мәдениет астанасы болып Кастамону қаласы сайланды.

Қазақстанның Түркістан қаласында өткен Түріксой Тұрақты кеңесінің 35-ші жиынында Түркияның Кастамону қаласының Мәдениет астанасы кандидаттығы қабылданды.

Жиынға қатысқан ТР Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Хүсейін Яйман: «Түрік әлемі Мәдениет астанасы бағдарламасы аясында 2013 жылы Ескишехирде жүргізілген мәдениет фестивалін тағы бір рет қайталаймыз. Сондықтан 2018 жылдың мәдениет астанасы ретінде сұлу қала Кастамонудың сайланғанына қуаныштымыз» деді.

2018 жылы сонымен бірге Түріксойдың 25 жылдығын тойлайтындарын да айтқан Яйман: «Есте қалатын және болашақ ұрпаққа мұра болып қалатын жыл болу үшін ел ретінде барлық мүмкіндікті қарастырамыз» деді.

Шамамен 375 мың халқы бар Кастамону тарихи және мәдени мекендері,  табиғатымен назар аударады.

Қала территориясының 65 пайызы орман.  Кең флора және фаунаға ие Кастамону сонымен бірге түрлі жабайы жануардың да мекені.

Қаратеңіз жағасындағы қаланың көркем орындары арасында Валла каньоны, Ылгарини үңгірі, Гидерос шығанағы мен сарқырамаларын санауға болады.



Ұқсас жаңалықтар