Қазақстан уран өндірісін азайтады

Қазақстан үкіметі уран өндірісін үш жылдығына қысқарту шешімін жасады.

Қазақстан уран өндірісін азайтады

Қазақстан үкіметі уран өндірісін үш жылдығына қысқарту шешімін жасады.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ  уран өндірісін 20%-ға қысқартады. Компанияның хабарлауынша, өндіріс деңгейін нарықтағы сұранысқа сәйкес келтіру мақсатында, жер қойнауын пайдалану келісімшарттары бойынша жоспарланған өндіріс ауқымы азайтылмақ.  Жоспарлы қысқартулар 2018 жылдың қаңтар айынан бастап іске енгізіліп, үш жылға созылады. Нәтижесінде, жалпы алғанда, үш жылдық мерзімде қазақстандық уран өндірісі шамамен 11 мың тоннаға қысқармақ.

Қазақстан әлемнің уран нарығының 37 пайызын иелеуде. 



Ұқсас жаңалықтар