Халықаралық Түрік фольклоры құрылтайы аяқталды

Құрылтайға ғалымдар,  студенттер және зерттеушілердің ықыласы зор болды.

853322
Халықаралық Түрік фольклоры құрылтайы аяқталды

Мәдениет және туризм министрлігі жанындағы Зерттеу және білім бері дирекциясы ұйымдастырған 9-шы Халықаралық Түрік фольклоры құрылтайы аяқталды.

ТР Мәдениет және туризм министрі Нуман Куртулмуштың қатысуымен дүйсенбі күні басталған құрылтайға ғалымдар,  студенттер және зерттеушілердің ықыласы зор болды.

Орду қаласында болған құрылтай аясында халық әдебиеті,  музыка, ойын-сауық, әдет-ғұрып тақырыптарында шамемен 200 баяндама оқылды.

Зерттеу және білім бері бас директорының орынбасары Юсуф Шахин жабылу жиналысында министрлік ретінде ортаға қойылған жұмыстарды жіті бақылайтындарын айтты.

Құрылтайға Әзірбайжан, Қытай, Палестина, Грузия, Үндістан, Ирак, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Қырым,  Косово, Моңғолстан, Молдова, Өзбекстан, Ресей, Сербия және Түрікменстаннан ғалымдар қатысты.



Ұқсас жаңалықтар