Түркия месхет түріктерінің жанында

Түркия месхет түріктерінің жер аударылуын қайғырып еске алады.

Түркия месхет түріктерінің жанында

Түркия месхет түріктерінің жер аударылуын қайғырып еске алады.

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің хабарламасы жарияланды.

Месхет түріктерінің атамекендерінен жер аударылуына 73 жыл толуына орай Түркия Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында 1944 жылдың 14 қараша күні 100 мыңға жуық месхет түркінің атамекендері Грузияның Месхетия аймағынан жер аудыралғандары еске салынды.

Хабарламада жер аудару кезіндегі ауыр жағдай,  аштық және аурудан көптеген азаматтың қаза тапқаны, көбінің де сүргін жерлерінде қиындық шеккені атап көрсетілді.

Сонымен бірге «Осы трагедиялық оқиғаның 73 жылдығында қайғымен еске алып, сүргін барысында қаза тапқан бауырларымызға Алладан рақым тілейміз. Тоғыз елде сандары жарты миллионға жеткен месхет түріктерінің жағдайын жақыннан бақылап,  қажетті қолдауды беріп отырмыз. Месхет түріктерінің атамекендеріне кері оралу үдерісінің табыспен аяқталуы, өздері тұратын басқа елдерде де тыныштық ішінде өмір сүрулерін тілейміз. Түркия қайда болса да месхет түріктерінің жанында болады» деп айтылды.



Ұқсас жаңалықтар