СКТР-на 34 жыл толды

Президент Акынджы Түркия мәжілісінің төраға орынбасары Ахмет Айдынды қабылдады.

СКТР-на 34 жыл толды

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы президенті Мұстафа Акынджы келіссөз үстелінен тұрып кететін тараптың өздері болмайтынын айтып,  нәтижесіз келіссөзбен тағы 50 жыл өткізуге ниетті емес екендерін білдірді.

Президент Акынджы СКТР-ның 34 жылдығына орай аралға келген Түркия мәжілісінің төраға орынбасары Ахмет Айдынды қабылдады.

Акынджы қабылдауда түрік халқының өкілі – Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің қолдауының өте маңызды екенін айтты.

СКТР президенті Кипр түрік жағының игі ниетті ынтасына қарамастан Кипр грек тарапының көнбестігі салдарынан Кипр аралында федералдық құрылым құрыла алмағанына назар аударды. СКТР-ның дамуы үшін жұмыстануын жалғастыратындарын тілге тиек еткен президент: «Теңдік,  еркіндік және қауіпсіздік  - бас тартылмайтын принциптер. Кипрде шешім тек осы принциптер шеңберінде ғана болады» деді.

Түркия мәжілісінің төраға орынбасары Ахмет Айдын да түрік мәжілісінің Кипр түріктерінің жанында болатынын айтты.

«Кипр түрік халқының күресінде әрдайым жанындамыз. СКТР барлық шектеулерге қарамастан демократияны күшіне енгізді» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар