Қазақстанда Күн энергиясына 157 миллион евро инцестиция

Оңтүстік Қазақстан облысына екі Күн энергиясы стансасы салынады.

Қазақстанда Күн энергиясына 157 миллион евро инцестиция

Қазақстанның Оңтүстік Қазақстан облысына екі Күн энергиясы стансасы салынады.

«Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңірдегі ірі жобаларға инвестиция салуға ниет білдірген шетелдік Германия мен Голландия елдерінен келген инвесторлармен кездесті», деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Кездесуден кейін инвестиция жасауға шешім қабылданғаны айтылған хабарламада «Инвесторлардың аталмыш аймақта 157 миллион евролық екі Күн стансасы салуына шешім қабылданды.  Әлеуеті 4,8 және 100 МВт болатын стансалардың құрылысы биыл қараша айында басталады» деп айтылды.

Хабарға қарағанда,  әкім Түймебаев 3 миллионға жуық халқы бар Оңтүстік Қазақстан аймағында электр энергиясының 65 пайызының сырттан сатып алынып отырғанын айтып: «Энергия жобаларын жүзеге асыруымыз қажет. Бұған өңірдің табиғаты күн сәулесінен электр жарығын өндіруге өте қолайлы» деді.



Ұқсас жаңалықтар