Шанхай Ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Алимов Өзбекстанда

Алимов пен Әбділдаев 10-11 қараша күндері Самарқандта өтетін халықаралық конференцияға қатысады.

Шанхай Ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Алимов Өзбекстанда

Шанхай Ынтымақтастық ұйымы бас хатшысы Рашид Алимов Өзбекстанға келіп,  Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловпен кездесті.

Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарламасына қарағанда,  Камилов 10 қараша күні Самарқандта БҰҰ қолдауында ұйымдастырылатын «Орталық Азияда ортақ тарих және болашақ,  тұрақты даму жолында ынтымақтастық» атты халықаралық конференцияға қатысу мақсатты елге келген Рашид Алимовпен кездесті.

Кездесуде конференцияның маңызы мен организациясына байланысты пікір алмасқан Алимов пен Камилов айырықша Шанхай Ынтымақтастық үйымы мен оған қарасты ұйымдардың көркейтуші ролдерін қолға алды. Кездесуде ұйымның жұмыстарын дамыту жөніндегі мәселелер де қаралды.

Камилов айырықша Самарқандта өтетін «Орталық Азияда ортақ тарих және болашақ,  тұрақты даму жолында ынтымақтастық» атты халықаралық конференция және «Еуропа Одағы –Орталық Азия» Сыртқы істер министрлері жиналысына қатысу мақсатымен келген Қырғызстан Сыртқы істер министрі Ерлан Әбділдаевпен бас қосты. Екі министр екі ел арасындағы қатынастардың жағдайы мен болашағы байланысты көзқарас алмасты.

Алимов пен Әбділдаев 10-11 қараша күндері Самарқандта өтетін халықаралық конференцияға қатысады.



Ұқсас жаңалықтар