Өзбекстан авиакомпаниясына түрік кеңесші

Орхан Сиврикая Өзбекстан Әуе жолдары компаниясына стратегиялық дамуға жауапты кеңесші ретінде тағайындалды.

Өзбекстан авиакомпаниясына түрік кеңесші

Түрік Әуе жолдарының бұрынғы басшысы Орхан Сиврикая Өзбекстан Әуе жолдары компаниясына стратегиялық дамуға жауапты кеңесші ретінде тағайындалды.

Өзбекстан Әуе жолдары компаниясының хабарламасына қарағанда,  Түрік Әуе жолдарының (THY) бұрынғы басшысы Сиврикая Өзбекстан авиакомпаниясына кеңесші болды.

Хабарламаға қарағанда президент Шавкат Мирзиеев пен қасындағы делегацияның қазан айындағы Түркия сапарында Өзбекстан Әуе жолдары компаниясы тарапынан түрік авиация маманы Сиврикаяның компанияға шақырылуы мәселесі қаралды. Өзбекстан компаниясы осы кездесулерде Сиврикаямен ынтымақтастық жасауды білдірген.

Сиврикая Өзбекстан Әуе жолдарының даму стратегиясының дайындалуында орын алады,  айырықша рейстердің тиімділігі және ұшақтарды орналастыру жоспары,  сату және жаңа технологияларды орындауға жауапты болады.



Ұқсас жаңалықтар