Аутизм конференциясы басталды

Астанада «Аутизм: мүмкіндіктер әлемі» атты халықаралық конференция басталды.

Аутизм конференциясы басталды

Қазақстанның бас қаласы Астанада «Аутизм: мүмкіндіктер әлемі» атты халықаралық конференция басталды.

Конференцияда аутизмге шалдыққан балалар үшін жаңа әдістер мен басқа да проблемалар қарастырылады.

Конференцияның беташарына депутат және Балалар құқықтарына жауапты өкіл Зағипа Балиева, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері,  АҚШ және Канададан келген мамандар қатысты.

Балиева Анадолы агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында Қазақстанда аутизмге шалдыққан балаларға арнайы ықылас көрсетілгенін айтып,  балалардың қоғаммен араласуы үшін әлеуметтік ұйымдар мен ата-аналардың қолдауымен түрлі шаралар өткізілгенін білдірді.

Аутизмге шалдыққан балалардың сөйлеу қабілеттерін жетілдіру үшін жаңа әдістерді қолдауға дайын екендерін тілге тиек еткен Балиева «Балалардың қоғаммен араласуы үшін бала бақшасы және мектепке баруы керек» деді.

Аутизмге шалдыққа балаларға қолдау беретін «Болат Өтемұратов» фондының директоры Марат Айтмағамбетов та Аутизм бағдарламасын 2014 жылы бастағандарын еске салды.

Деректерге қарағанда Қазақстанда шамамен 3 мың бала аутизмге шалдыққан. «Алайда ресми деректер шындыққа жанаспайды.  Халықаралық мамандарға қарағанда Қазақстанда 60 мың шақты аутизмге шалдыққан бала бар» деді Айтмағамбетов.

Халықаралық конференция ертең аяқталады.



Ұқсас жаңалықтар