Түрікмен отбасыларға көмек

Түрік Қызыл жарты ай қоғамы Ирактың Киркук қаласын паналаған 350 түрікмен отбасыға көмек таратты.

Түрікмен отбасыларға көмек

Түрік Қызыл жарты ай қоғамы Ирактың Киркук қаласын паналаған 350 түрікмен отбасыға көмек таратты.

Түрік Қызыл жарты ай қоғамының Ирактағы өкілі Гөксен Йенигүл «Бүгін азық-түлік пен киімнен тұратын 350 көмек пакетін Киркукты паналаған Телафарлық және мосулдық түрікмен отбасыларға таратып отырмыз» деді.

Азық-түлік пакеттерінде фасоль, томат, күріш, сұйық май, шай секілді материалдар орын алған. «Әсіресе Киркукты паналаған отбасылар үшін желтоқсан айына дейін көмек таратамыз. Қажет болса,  бағдарламаның мерзімін созуға да болады» деді ол.

Киркук пен Мосул арасындағы аудан мен ауылдарды паналаған түрікмендердің де көмекке мұқтаж екенін анықтағандарын айтқан Йенигүл Түрік Қызыл жарты ай қоғамының осы аймақтағы көмек жұмыстарын жалғастыратындарын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар