Таулы Қарабах босқындарына көмек

Түрік елшілігі босқын отбасыларға көмек таратты.

Таулы Қарабах босқындарына көмек

Түркияның Әзірбайжандағы елшілігі Әзірбайжанның бас қаласы Бакуде тұратын Таулы Қарабах босқындарына көмек берді.

Өкілетті елшіліктің бастамасымен Түрік Қызыл жарты ай қоғамының үлесімен дайындалған азық-түлік пакеті шамамен 330 босқын отбасыға таратылды.

Көмек таратуға қатысқан Түркияның Әзірбайжандағы өкілетті және төтенше елшісі Еркан Өзорал Әзірбайжанның ең үлкен саяси және әлеуметтік проблемасының Таулы Қарабах екенін,  осы мәселенің гуманитарлық мәселе екенін айтты.

Елші Әзірбайжанның түрлі аймақтарында ел-жұртын тастап кеткен 1 миллионнан астам адам бар екенін еске салды. Осы проблеманың Әзірбайжан үшін басқа да мәселелер туғызғанын айқан елші: «Біз де осы проблемалардың азаюына үлес қосу мақсатымен 330 отбасыға көмек акциясын бастадық.  Көмегіміз бұдан былай да жалғаса бермек» деді.



Ұқсас жаңалықтар