Түріксой Жастар хорының керемет концерті

Түркі әлемінің түрлі елдерінен жас әншілер Еуразияның әндерін шырқады.

Түріксой Жастар хорының керемет концерті

Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы Түріксой Жастар хоры аясында бас қосқан түркі әлемінің түрлі елдерінен жас әншілер Еуразияның әндерін шырқады.

Әзірбайжан,  Қазақстан, Қырғызстан және Түрікменстаннан Түріксой Жастар хорына қатысқан жас музыканттар 13 тамыз күні Түркияның бас қаласында керемет концерт берді.

Қазақ сазгер Бақытжан Байқадамовтың туғанына 100 жыл толуына орай өткізілген концертте сазгердің шығармаларымен бірге хордың репертуарындағы классикалық туындылар да орын алды.

Концертті дирижерлер Елнара Керимова мен Гүлмира Құттыбадамова басқарды.  Түріксой бас хатшысы Дүйсен Қасейінов да скрипакасымен шығып,  көрермендерге тосын сый жасады.

ТР Президентінің бас кеңесшісі Ялчын Топчу, Қазақстан Республикасының Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Абзал Сапарбекұлы, Түрікменстан Республикасының Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Ишанқұлы Аманлиев, Байқадамовтың қыздары Алия мен Айгүл Байқадамова және көптеген қонақ қатысқан концерт жоғары деңгейде өтті.

Түріксой Жастар хоры 2015 жылы 5-12 шілде күндері арасында Германияда өткен 2-ші Еуропа хор байқауында түрік әлемінің атынан жарысып,  үш алтын медаль алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар