Анкарада Түріксойдың концерті болады

Концерт Байқадамовтың 100 жылдығына арналған.

Анкарада Түріксойдың концерті болады

Түрік мәдениеті халықаралық ұйымы Түріксой Анкарада концерт ұйымдастырады.

Түріксойдың жастар хоры атақты қазақ сазгер Бақытжан Байқадамовтың туғанына 100 жыл толуына орай түрік жерінің бас қаласында концерт береді.

Дирижерлер Елнара Керимова (Әзірбайжан) және Гүлмира Құттыбадамова (Қазақстан) басшылығында сахнаға шығатын түркі дүниесінің жас өнерпаздарының концерті 13 тамыз күні болады.



Ұқсас жаңалықтар