Түркия ұлттық күні атап өтілді

Кеше Астана ЭКСПО 2017 халықаралық көрмесі аясында Түркия ұлттық күні аталып өтті.

Түркия ұлттық күні атап өтілді

Кеше Астана ЭКСПО 2017 халықаралық көрмесі аясында Түркия ұлттық күні аталып өтті.

Түркия ұлттық күні ҚР Экономика министрі Тимур Сүлейменов пен ТР Экономика министрі Нихат Зейбекчинің құттықтау сөздерімен ашылды.

Мерекелік жиынға Қазақстан, Түркия және басқа де шетелдердің мемлекет және қоғам қайраткерлері, дипломатиялық миссия өкілдері мен журналистер, Түркия достары қатысты.

Түркия Ұлттық күні шеңберінде «Анадолы алауы» атты атақты би тобы өнер көрсетіп, танымал театр және кино актерлері,  әсіресе «Жаужүрек Ертұғрыл» теле сериалының актерлері келді.

«Мехтеран» әскери оркестрі де көрме қонақтарына ұмытылмас сәттер сыйлады.

Түріктің жас әншісі Бурай да қазақтың «Қамажай» әнін шырқап, тыңдармандарын риза қылды.

 Сонымен бірге келушілер түрік қолөнер шеберлерінің туындыларын көріп,  келушілер үшін арнайы дайындалған сыйлықтарды алды. Түркия павильонының қонақтарын сонымен бірге түріктің дәмді тағамдары күтіп тұрды.



Ұқсас жаңалықтар