Алиев Түркия атынан жарысқан желаяқты құттықтады

Әзірбайжан президенті Әзірбайжан текті түрік желаяқ Рамиль Гулиевті құттықтады.

Алиев Түркия атынан жарысқан желаяқты құттықтады

Әзірбайжан президенті Илхам Алиев Жеңіл атлетикадан 16-шы әлем чемпионатында ерлер 200 метрде алтын медаль алған Әзірбайжан текті түрік желаяқ Рамиль Гулиевті құттықтады.

Алиев «Әзіз Рамиль» деп басталатын құттықтау хатында тарихта бірінші рет бір әзірбайжандықтың жеңіл атлетикада әлем чемпионы атанғанын айтып, Гулиевтің бүгін Түркия атынан жарысқанын,  алайда спортқа алғашқы қадамдарын Әзірбайжанда басқанын еске салды.

«Жеңістен кейін Әзірбайжан және Түркия байрақтарын бірге алып шыққаның қуантады» деген Алиев былай деді: «Бұл сенің өз халқына адал,  отансүйгіш азамат екеніңді көрсетеді. Осы жеңіске орай Түркияны да құттықтаймын. Сенің жеңісің сонымен бірге Әзірбайжан-Түркия достық пен бауырластығының белгісі. Біз ел ретінде сені мақтан тұтамыз. Саған спортта жаңа табыстар тілеймін»



Ұқсас жаңалықтар