Орталық Азияның ең үлкен мешіті Қырғызстанда тамамдалды

Түрік әлемінен жаңалықтар-27

Орталық Азияның ең үлкен мешіті Қырғызстанда тамамдалды

Жаңалығымызды Түрікменстанмен бастайық.

Түрікменстан Президенті Құрбанқұлы Бердімұхамедов қауымда дені сау өмір сүру дәстүрін күшейту үшін Ашғабат-2017 жобасы аясында жаңа бір кампания басталды. Осы жоба бойынша адамдар бір күндігіне жұмысқа велосипедпен барып келетін болды.

2017 жылының «денсаулық және бақытты болу жылы» деп жариялануымен және қыркүйекте өткізілетін 5-ші Азия ойындарына  50 күннің қалуына орай   аталмыш іс-шара 29 шілде күні жасалатын болды.

Президент Құрбанқұлы Бердімұхамедов соңғы Министрлер Кеңесі қарсаңында тақырыпқа байланысты жолдама беру мақсатымен Оғызхан сарайындағы жұмыс офисінен Министрлер Кеңесі ғимаратына велосипедпен келген еді.

Президент Бердімұхамедовтың ұсынысы бойынша мемлекеттегі барлық ұйым мен ұйым лидерлерінің және қызметкерлердің 29 шілде күні велосипедпен жұмысқа барып келуі керек.

29 шілде күні қалының барлық жолдарында тек ғана велосипед пен автобус ғана жүре алады.

Іс-шараның халықтың денсаулығын күшейтуге, қоршаған ортаға деген сезгірлікті  арттыруға және велосипедке мінуді ынталандыруға пайдасы тиетінін білдірген Түрікмен лидері «Халықтың денсаулығына және бақытты болуына көңіл бөлу өте маңызды міндет» деді.

Кезектегі жаңалығымыз Қырғызстан жайлы.

Орталық Азияның ең үлкен мешіті Қырғызстанда тамамдалды. Түркия тарапынан Қырғызстанның астанасы Бішкекте салынған Орталық Азияның ең үлкен мешіті және комплексі  тамамдалды.

Бұл мешіт мен комплексті Түркия дін істері қоры салғызды. 2012 жылы салына басталған мешіт пен комплекс Османлы сәулетіне үйлесімді түнде салынды.

Астананың шығысында мөлшермен 35 гектарлық жерге салынған мешіт 7 мың 500 шаршы метрлік жабық алаңға ие. Мешіттің жабық алаңдарында және ауласында 20 мың адам ғибадат ете алады.

Бұл мешіт мөлшермен 500 жеңіл көлік сиятын автопарк, Құран курстары, конференция залы, мейрамхана және ғибадат ғимараты сынды бірқатар ерекшеліктерімен Анкарадағы Кожатепе мешітіне ұқсайды.

Құрылыс жауаптысы Муса Демиржи Анадолы агенттігіне жасаған мәлімдемесінде Түркия дін істері қоры тарапынан салғызған мешіт құрылысының тамамдалғанын білдіріп, «Осы таңда тазалық және өңдеу жұмыстарын жасаудамыз. Одан кейін маңайын реттейміз» деген сөздер қолданды.

Демиржи ғибадат қылғандарды мешітке кіргенде іші 23 метр, сырты 25 метр және ішкі кірістен биіктігі 30 метр болған үлкен мұнараның қарсы алатынын айтты.

Демиржі Мешіттің әр бірі 70 метр биіктігінде, төрт мұнарасы болғанын білдірді.

Өткен жылынан осы таңға дейін құрылыста міндет атқарғанын атап өткен Демиржи «Мешіт құрылысында жұмыс істейтіндердің  70 пайызы қырғыз бауырлар. Жергілікті азаматтарды жұмыспен қамтамасыз етуге көңіл бөлінді» деді.

Бағдарламамызды Қазақстанмен аяқтаймыз.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайы барысында үкіметтің  шетелдегі қазақтар ықшам орналасқан өңірлерде олардың ана тілде білім алу мүмкіндіктерін қарастыруы керектігін айтты.

Президент Назарбаев Тәуелсіздік сарайында басталған Дүниежүзі қазақтарының бесінші құрылтайында сөйлеген сөзінде «Рухани жаңғыру: Болашаққа жол» атты мақаласында латын әліппесіне өту,  100 оқулықтың аударылуы,  туған жері көш жобасы,  Қазақстанның қасиетті мекені,  жаһандық әлемде заманауи Қазақстанның мәдениеті сынды тақырыптарға орын берілгенін білдірді.

Шетелдердегі қандастарға қолдау берудің маңызын атап көрсеткен Назарбаев «Қандастар фонды» қалыптастырылуы керектігін айтты.

Мемлекет басшысы сонымен бірге шетелдегі қазақ жастары үшін Қазақстанда білім алу квотасын екі есе арттыру үшін нұсқау берді.

Президент сонымен бірге шетелдегі қазақтардың Қазақстанмен байланыстарының нығайтылуы керектігін айтып: «Қайда жүрсеңіздер де Қазақстан әрқашан жүрегіңізде болсын. Қазақстан – баршамыздың тарихи мекені» деді.

Құрылтайға Түркиядан қатысқан Мимар Синан Көркем Университетінің оқытушысы Проф. Әбдіуақап Қара құрылтайдың 40-қа тарта елде өмір сүретін қазақтардың Қазақстанмен жақындасуына үлкен ықпал жасайтынын айтты.

Дүниежүзі қазақтарының құрылтайына 39 елден 800-ге тарта қазақ қатысуда.

 



Ұқсас жаңалықтар