Түрікменстан мен Өзбекстан арасында ыстық қатынастар

Өзбекстан президенті Мирзиевв екі айдан кейін қайтадан Түрікменстанда.

736471
Түрікменстан мен Өзбекстан арасында ыстық қатынастар

Өзбекстанның президенті Шавкат Мирзиеев 2016 жылы 14 желтоқсан күні міндетін бастағаннан кейін бірінші ресми сапарын наурыз айында Түрікменстанға ұйымдастырып еді.  Екі ел арасында экономикалық-сауда,  мәдени  тақырыптар сынды көптеген салада ынтымақтастық үшін келісім жасалған болатын.  Түрікмен және өзбек басшылар сонымен бірге Амудария өзені үстіне салынған Түрікменабад-Фараб көпірі мен Түрікменабад қаласында салынған Өзбекстанның бірінші президенті Ислам Каримов ескерткішін бірге ашқан еді.

Осы сапардан кейін өзбек басшы екінші рет Түрікменстанға келді.

Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммедовтың шақыруына орай жұмыс сапармен Каспий теңізі жағасындағы туризм аймағы Авазаға келген Мирзиеев Түрікменбашы әуежайында ресми түрде қарсы алынды.

Өзбек басшы алдымен Аваза туризм аймағында демалып жатқан өзбектің 100 баласымен кездесті. Мирзиеев өзбек балалармен бірге теңізде қыдырыстады.

    Жұмыс сапардың ресми бағдарламасы екі басшының оңаша кездесуімен басталды.  Артынан түрікмен және өзбек делегациялары арасында кездесу өтті.  Энергия,  қатынас және спорт саласында ынтымақтастық келісімдеріне қол қойылды.

Мемлекет басшыларының қатысуымен болған қол қою рәсімінде Ашғабад және Ташкент қалалары арасында бауырлас қала қатынасты құрылуына байланысты келісімге де қол қойылды.



Ұқсас жаңалықтар