Түймебаев: Латын әліпбиіне көшу өте маңызды мәселе

Оңтүстік Қазақстан Облысы әкімі Жансейіт Түймебаев латын әліпбиіне көшу кезеңінде елінің Түркияны үлгі алатынын мәлімдеді.

Түймебаев: Латын әліпбиіне көшу өте маңызды мәселе

Оңтүстік Қазақстан Облысы әкімі Жансейіт Түймебаев латын әліпбиіне көшкен кезде елінің Түркияны өзіне үлгі алатынын мәлімдеді.

Әкім Түймебаев орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихаты өткізді. Қазақстанның латын әліпбиіне көшуі туралы бір сұраққа «Латын әліпбиіне көшу өте маңызды мәселе. Бұл туралы Елбасы өзінің мақаласында жан-жақты жазды. Жалпы, біз латын әліпбиін қолдануды енді бастайын деп отырған жоқпыз, біз оған қайтып оралмақпыз. Өйткені 1929-1940 жылдары біз латын әліпбиін пайдаландық. Түркия да осы кезде латынды енгізе бастады. Бірақ 1940 жылы Сталин кириллицаға көшуді шешті», - деді ол.

Түймебаев «1928 жылдан бері латын әліпбиін қолданып келген Түркияны және түрік тілін үлгі аламыз. Түркияның әліпбиді табысты түрде пайдаланғанын және қиыншылық шекпегенін білеміз. Біз үшін де қиын болмайды» деді.

Жиналыста Анадолы агенттігі тілшісінің түрік іскерлердің Оңтүстік Қазақстандағы инвестицияларына қатысты бір сұрағына Түймебаев Түркияның жылдам өскен бір ел екенін және қазірге дейін Түркияда жүз мыңдаған  үлкен фирманың жұмыс істегенін білдірді.

Мұның алдында Қазақстанның Анкарадағы Өкілетті және төтенше елшілік қызметін атқарған Жансейіт Түймебаев «Түрік фирмаларын елімізге шақырамын. Елімізде іскер форумдары өткіземіз. Алғашқы форумға 100 түрік іскер қатысты. 15-20 адамнан тұратын топтармен үздіксіз облысымызға келіп, инвестиция мүмкіншіліктерін қарастыруда» деді.



Ұқсас жаңалықтар