Түрікменстан Жеңіс мерекесін тойлауда

Елде 8 және 9 мамыр күндері демалыс болып жарияланды.

9 Mayıs Kutlamaları Türkmenistan kazakça

Түрікмендер 1941-45 жылдар арасында фашистік неміс армиясына қарсы Шығыс майданда отан үшін шайқасқан болатын.

Түрікменстанда Жеңіс күні ретінде тойланатын 9 мамыр - Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Кеңес Одағы Жеңісті жария еткен күн.

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Кеңес Одағы құрамында болған түрік республикаларымен бірге Түрікменстанда да жыл сайын 9 мамыр күні Ұлы Отансүйгіштік күрестің мерекесі ретінде тойланады.

1941-45 жылдары мыңдаған түрікменнің батыл соғысып,  батырлық көрсеткенін білдірген Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммедов түрікмен халқын Жеңіс мерекесімен құттықтады. Ол халыққа тыныш, бақытты өмір тіледі.

Елде 8 және 9 мамыр күндері демалыс болып жарияланды.

Ел көлемінде Жеңіс мерекесіне байланысты түрлі конференциялар,  көрмелер,  театр қойылымдары мен концерттер ұйымдастырылуда.

Сонымен бірге соғыс ардагерлері мен қаза тапқан әскерлердің жұбайларына президенттік сыйлықтар таратылды.

 



Ұқсас жаңалықтар