Әзірбайжан Армения армиясының кейбір нысаналарын жойды

Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі Армения армиясының атысты тоқтату бітімін бұзуының артынан кеше қарсы шабуыл жасалғанын білдірді.

683088
Әзірбайжан Армения армиясының кейбір нысаналарын жойды

Майдан желісінде Армения армиясы штаб пәтер ретінде қолданған кейбір бекіністерӘзірбайжан армиясы тарапынан жойылды.

Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі жасалған мәлімдемеге қарағанда Армения армиясының атысты тоқтату бітімін бұзуының артынан кеше кешкі уақытта қарсы шабуыл жасалды.

Мәлімдемеде Армения армиясының басқыншылығы астындағы Ходжавенд қаласында штаб пәтер ретінде қолданылған кейбір бекіністерінің жойылғаны білдірілді.

Министрлік шабуылдың әуеден түсірілген бейне көріністерін де жариялады.

Көріністерде жойылмай тұрғанда штаб алдында аялдаған кейбір көліктер мен әскерлер бар екені байқалады.

Арменияның адам шығындарын қоғамнан жасырғаны атап көрсетілген мәлімдемеде майдан желісінің бақылауының толығымен Әзірбайжан армиясында екені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар