Қырым Татар Ұлттық байрақ күні атап өтілді

«Ұлт, Отан, Қырым» деген ұранмен өткен байрақ тасу шарасынан кейін митинг өткізілді.

518864
Қырым Татар Ұлттық байрақ күні атап өтілді

Қырым Татар Ұлттық байрақ күні атап өтілді

Украинаның бас қаласы Киевте Қырым Татар Ұлттық байрақ күніне орай «Екі байрақ-бір ел» атты шара өткізілді.  Ені 6 метр,  ұзындығы 39 метр Қырым Татар байрағы қаланың басты алаңына дейін жеткізілді. 

«Ұлт, Отан, Қырым» деген ұранмен өткен байрақ тасу шарасынан кейін митинг өткізілді.

Митингке Қырым татар халқының лидері, Украина депутаты Мұстафа Джемилев, Қырым Татар Ұлттық Мәжілісінің басшысы Рефат Чубаров,  Украинаның уақытша басып алынған жерлері және босқындарға жауапты министрі Вадим Чермыш та қатысты.

Джемилев осында Қырым татар байрағының тек Қырым татар халқының емес,  еркіндік пен басқыншылыққа қарсы күрестің символы екенін атап көрсетті.

Қырым Татар Ұлттық байрақ күні сонымен бірге басқа қалаларда да тойланды.

Қырым Татар байрағы бірінші рет 1917 жылы 1-ші Қырым Татар ұлттық құрылтайында қабылданды. 2010 жылы өткен 5-ші Қырым татар Ұлттық құрылтайында жыл сайын 26 маусым күнін байрақ күні ретінде тойлауға шешім берілді.



Ұқсас жаңалықтар