СКТР-нан Анастадиадиске наразылық келді

СКТР елбасылығы мәлімдемешісі Анастадиастың Стамбұлдағы ұстанымын сынға алды.

497989
СКТР-нан Анастадиадиске наразылық келді

Кипр келіссөздерінде Понти әкімшілігінен туындаған дағдарыс жалғасуда.

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) елбасылық мәлімдемешісі Барыш Буржу жазбаша мәлімдеме жасап, понти тарапының ұстанымын сынға алды.

Барыш Буржу понти тарапының Кипр түрік қоғамының Лефкошадағы аралық аймақтан тыс елді-мекендерде болмысын көтере алмағанын атап, «Бұл қабылдануы мүмкін емес бір ұстаным» деді.

Буржу мәлімдемесінде елбасы Мұстафа Акынжының БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесуінің келіссөз тарихында алғаш рет болмағанын еске салып, Стамбұлдағы кездесудің де алдыңғылар сияқты келіссөздерге болымды үлес қосуды қамтамасыз ету мақсатты өткен бір кездесу екеніне назар аударды.

Мәлімдемеші «Құрметті елбасының БҰҰ Бас хатшысымен қай елде, қай қалада кездесетініне тек қана елбасымыз бен құрметті БҰҰ Бас хатшысы шешім қабылдай алады. Сондай-ақ құрметті елбасымыздың қай қонақасыға қатысып қатыспайтынына да өзі шешім қабылдайды. Бұған ешкімнің эмбарго қоюға құқы жоқ» деді.

Мәлімдемеде келіссөз үстелінің теңгерімді қоғам басшыларының бірі ретінде БҰҰ Бас хатшысымен «келіссөздер» тақырыбында өткен кездесуін сылтауратып, үстелден тұрып кетуінің өте үлкен бір қателік екеніне назар аударған Барыш Буржу Кипрдің мұндай әрекеттермен одан көп жоғалтатын уақыты жоқ екенін тілге тиек етті.

2016 жылдың шынында да шешім жылы болу керектігін атап көрсеткен мәлімдемеші елбасы Мұстафа Акынжының тез арада шешімге қол жеткізу үшін жалғасқан келіссөздерде одан көп күш жұмсауға дайын екенін атап көрсетті.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның қонақжайлығында Стамбұлда өткен БҰҰ Бүкіләлемдік гуманитарлық саммитке қатысқан мемлекет және үкімет басшыларына берген қонақасыға Понти әкімшілігі басшысы Никос Анастадиадис СКТР елбасы Мұстафа Акынжы да келгені себепті наразылық көрсетіп қатыспаған болатын.

Басқа жағынан АҚШ президентінің орынбасары Джо Байден СКТР елбасы Мұстафа Акынжы мен Понти басшысы Никос Анастадиадиске телефон шалды.

Акынжы мен Анастадиадис әңгіме жайлы твиттер арқылы хабарлады.

СКТР елбасылық мәлімдемешісі Барыш Буржу Акынжы мен Байден арасындағы телефон әңгімесі барысында келіссөз кезеңіндегі соңғы сатының қолға алынғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар