Әзірбайжан президенті Дмитрий Медведевті қабылдады

Алиевтің қабылдауының артынан ортақ баспасөз жиналысы өткізілді.

467330
Әзірбайжан президенті Дмитрий Медведевті қабылдады

Алиев жасаған мәлімдемеде Медведевпен Әзірбайжан мен Ресей ынтымақтастығы, аймақтық тақырыптар және Таулы Қарабахтағы соңғы оқиғалардың егжей-тегжейлі қолға алынғанын білдірді.

Медведевтің сапарының Әзірбайжанмен ынтымақтастықтың маңызды көрсеткіші екенін атап айтқан Алиев Таулы Қарабах пен айналасындағы 7 қаланың ұзақ уақыттан бері басқыншылық астында екенін, 1 миллионнан астам адамның босқынға айналғанын еске салды.

Тақырыппен байланысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 4 шешім қабылдағанын еске салған Алиев бұлардың іске қосылмағанын білдірді.

Алиев «Әзірбайжан атысты тоқтатуға бағынады. Арменияның да атысты тоқтатуға бағынатынын үміт етеміз. Арменияның Әзірбайжанды дағдарыстың себебі ретінде көрсетуі шындыққа жатпайды. Біз тек қана жерлерімізді және жазықсыз азаматтарымызды қорғаймыз. Мәселенің бейбітшіл жолмен шешімін жақтаймыз және келіссөз кезеңін жалғастырамыз. Минск тобы тең төрағаларының аймаққа жасаған соңғы сапарын қолдаймыз. Қазіргі жағдайдың өзгеретініне және Әзірбайжан жерінің басқыншылықтан құтылатынына сенеміз» деді.

Медведев болса Әзірбайжанмен достық және екі жақты құрметке сүйенген стратегиялық ынтымақтастыққа ие екендерін атап айтты.

Таулы Қарабах мәселесін бейбіт жолмен шешуді жақтағандарын атап айтқан Медведев «Мәселенің бейбітшілік және келіссөз әдісінен басқа шешім жолы жоқ. Сондықтан соңғы атысты тоқтатуды қолдаймыз. Тараптар бір-біріне жақындап, кірбеңдік іздемеу керек. Қақтығыстарда жеңіске жеткен тарап болмайды» деді.


Этикеттер: #Әзірбайжан , #Ресей

Ұқсас жаңалықтар