Прокурор Қырым татар мәжілісін жабамын деп қорқытты

Қырым прокуратурасы Рефат Чубаров басшылығындағы Қырым Татар Ұлттық мәжілісі жөнінде тергеу ашты.

119214
Прокурор Қырым татар мәжілісін жабамын деп қорқытты

Қырым прокуратурасы Рефат Чубаров басшылығындағы Қырым Татар Ұлттық мәжілісі жөнінде тергеу ашты.
Ресей тағайындаған прокурор Наталья Поклонская тергеуге себеп ретінде Қырым татарларының көсемі Мұстафа Джемилевтің (Қырымоғлу) Украинадан Қырымға кіруіне рұқсат берілмеген кезде «заңсыз шеру ұйымдастырылды» деп айып тағып отыр.
Поклонская 3 мамыр күні Қырымоғлуны қарсы алу барысында «топтық заңсыз шеру» өткізілді деді.
Прокурор Чубаров пен Қырым татарларына ескерту жасап, наразылықтарын тоқтатпаған жағдайда, мәжілісті жабатынын айтты.
Поклонская орыс тілінде ескерту жасады.
Чубаров 11 сәуір күні Қырымның ресми тілдері ретінде орыс тілі, украин тілі және Қырым татар тілінің белгіленгенін еске салып, ескертуді Қырым татар тілінде оқуын талап етті. Поклонская оның бұл талабына назар аудармады. Осыған орай Чубаров атазаңдық құқықтың бұзылғанын білдірді.
Қырым татарларының басшысы және Украина депутаты Қырымоғлу Қырым түбегіне алынбаған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар