Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1882075
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Ердоғанның білім берудегі тең мүмкіндіктерге баса назар аударуы» деген хабарға орын берген. Президент Ердоған Біріккен Ұлттар Ұйымы Қамқорлық кеңесінде өткен «Білімді Трансформациялау саммитінде» сөз сөйледі. Білім берудегі мүмкіндіктер теңдігіне тоқталған Ердоған «Біздің «Мектепке барайық» акциясымен қыздарымызды білімге баулу арқылы мектептегі оқу көрсеткішін 90 пайызға жеткіздік» деп көрсетті.

Йени Шафак газеті «Оқтай Армениядағы Пелоси мәлімдемелеріне наразылық көрсетті» атты хабар жариялаған. Вице-президент Фуат Октай АҚШ Өкілдер палатасының төрайымы Нэнси Пелосидің Армениядағы мәлімдемелеріне қатаң наразылық білдірді. Октай Пелосидің «Тарихи және қазіргі фактілермен үйлеспейтін, ізгі ниеттен мүлдем ада, бір жақты көзқарасты көрсететін және дипломатиялық күш-жігерді бұзатын мәлімдемелер ешқашан қабылданбайды» деді.

Сабах газеті «Емине Ердоған АҚШ-та жүлде алды» атты хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоғанның жұбайы Емине Ердоған Америка Құрама Штаттары Мұсылман Ұйымдары Кеңесі тарапынан Нью-Йоркте өткізілген рәсімде әлеуметтік жобалар, білім беру, қоршаған орта және гуманитарлық жәрдем салаларында мұсылман әйелдерге берілген "Халықаралық табыс және қоғамға қызмет жүлдесін" алды.

Хабер Түрік газеті  «Тұңғыш түрік ғарыш саяхатшысы үшін АҚШ компаниясымен қол қойылды» деген хабар жариялаған. Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк Парижде «Axiom Space» компаниясымен алғашқы түрік ғарыш жолаушысын оқыту және ұшу қызметі үшін келісімге қол қойылғанын хабарлады.

Стар газеті «Түркияға ағылып келіп жатыр» атты хабарға орын берген. Энергетикалық дағдарыстан кейін тоңып қалудан қорыққан еуропалық қысты Түркияда өткізеді. Еуропалықтар қысты өткізу үшін Түркиядағы қонақүйлерге ағылады. Қараша айында тапсырыстар қазірдің өзінде 50 пайызға өсті.



Ұқсас жаңалықтар