Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Террор ұйымы нысаналары жойылды» деген хабарға орын берді. Газет Ирактың солтүстігіндегі Метина және Зап аймақтарына әуе операцияларының ұйымдастырылғанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда Ұлттық Қорғаныс министрлігі Twitter парақшасынан жасалған мағлұматқа қарағанда Ирактың солтүстігіндегі Метина және Зап аймақтарына әуе операциялары жасалды. Операциялар нәтижесінде террор ұйымдары тарапынан қолданылған бірқатар баспана, қорғаныс бекіністері, басқару штабы, үңгір және оқ-дәрі қоймасы бомбаланды.

Стар газеті «Неміс баспасөзі Түркия болмаса аралдарды ретке салу қиын деп жазды» атты тақырып қолданды. Газет неміс Spiegel газетінің мақаласында Грекия премьер-министрі Алексис Ципрастың Түркия сапарын түсіндіргенін мәлімдеген. Газеттің хабарына қарағанда неміс Spiegel газетінің мақаласында Түркия мен Еуропа Одағы 2016 жылы қол қойылған босқын келісіміне байланысты «Түркиямен жасалған келісімнен кейін Эгей теңізінен Грекияға өткен мигрант санында едәуір азаю болды. Грекия аралдары мигранттардың адамдық тысы жәбір көрген түрмелерге айналды. Егер Түркия келісімнен бас таптатын болса, онда осы аралдардың жағдайы қиын болады» деген сөздерге орын берді.

Хүрриет газеті хабарын «Ерлі-зайып екі түрік ғалымы АҚШ-та үлкен табысқа қол жеткізді» деген тақырыбымен берген. Газет Америка Құрама Штаттарында өмір сүрген ерлі-зайып екі түрік ғалымының үлкен табысқа қол жеткізгендеріне орын берген. Газеттің хабарына қарағанда Массачусет ауруханасында зерттеу жасаған генетика маманы Михрибан Йылдырым омырау рак ауруын баяулататын дәрі тапты. Ал оның күйеуі Мұрат Йылдырым болса мидың клеткаларын көре алатын бір микроскоп дамытты.

Хабар Түрік газеті «Сабиха Гөкчен әуежайының үлкен табысы» атты хабарға орын берді. Газеттің хабарына қарағанда Түркияның ең үлкен екінші әуежайы Стамбул Сабиха Гөкчен Халықаралық әуежайы 2018 жылы  34 миллион  58 мың жолаушы саны арқылы Еуропаның ең үлкен 12-ші әуежайы болды.

Сабах газеті «Түрік Әуе жолдары екі жүлде алды» деген тақырып қолданды. Газет Түрік Әуе жолдарының ұшаққа қаржы салу саласында екі жүлдеге лайық деп табылғанын жариялаған. Газеттің хабарына қарағанда Түрік Әуе жолдарынан жасалған мәлімдемеге қарағанда фирманың қараша айында тапсырып алған B777-F үлгісіндегі жүк ұшағының 110 миллион евро құнындағы болғаны, сондай-ақ осы қаржыны салудың арқасында  21қаңтарда Ирландияның астанасы Дублинде ұйымдастырылған «Airline Economics Global Aviation 100 Global Leaders» жүлде рәсімінде «Осы жылдың ең жақсы қаржы салу»жүлдесі алды. Әуе жолының қаржы салу саласында лайық деп қаралған басқа бір жүлде болса Ұлыбританияның астанасы Лондонда 31 қаңтарда өткізілген «Global Transport Finance» жүлде рәсімінде «Осы жылдың ең көп салық беру» жүлдесін алды.

.



Ұқсас жаңалықтар