Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1129823
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Президенттік аппарат Макгуркқа қатаң жауап қайтарды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президенттік аппараттың баспасөз мәлімдемешісі Ибрахим Калын Түркияны айыптаған АҚШ-тың ДАИШ-пен күрес коалициясының бұрынғы арнайы өкілі Брет Макгурктың мәлімдемелеріне әлеуметтік медиа арқылы жауап қайтарды. Калын «Сараптамаңыз дұрыс емес. Түркияға бағытталған айыптауларыңыз толығымен есуастық, тек қана PKK-ны насихаттаудың қайталауынан тұрады. Түркия жүз мыңдаған сириялық араб, күрд, cүряни және басқа ұлттардың жанын құтқарды. PKK-ны қайтадан жандандырмақсыз. Бұл жүзеге аспайды» деді.

Стар газеті «Зәйтүн бұтағы операциясымен террор коридоры жобасын бұздық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президенттік аппараттың коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун кеше әлеуметтік медиа арқылы Зәйтүн бұтағы операциясының бірінші жылдығына орай мәлімдеме жасады. Зәйтүн бұтағы операциясында шәйіт болғандарға Алланың рақымшылығын тілеген Алтун «Евфрат қалқаны операциясымен шекараларымызда террор коридоры құру жобасын бұздық. Жаһандық бейбітшілікке де қызмет еткен қадамдармен қауіптерге қарамай ойындарын бұзатынымызды дәлелдедік» деді.

Хүррийет газеті «Ресей Түркиядан сатып алған қызанақ квотасын 100 мың тоннаға көтерді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ауылшаруашылығы және орман министрі Бекир Пакдемирли Германияның Берлин қаласында 11-ші Астық және ауылшаруашылығы форумы аясында ұйымдастырылған Ауылшаруашылығы министрлерінің конференциясына қатысты. Кейін Берлиндегі Түркия өкілетті елшілігінде баспасөзге мәлімдеме жасады. Пакдемирли «орыс әріптестеріммен әңгімелестік. Ең үлкен жетістіктеріміздің бірі ретінде экспорттаған 50 мың тонналық қызанақ квотамызды 100 мың тоннаға жеткіздік» деді.

Хабертүрік газеті «Еуразия нарығына түрік мердігерлері қолтаңба қалдырды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда шетелде өткен жылы 19,4 миллиард долларлық жоба алған түрік мердігерлері аталмыш жобалардың 46 пайызын Еуразия аймағында жүзеге асырды. Түркия Мердігерлер Одағы (TMB) төрағасы Митхат Йенигүн жобалардың аймақтарға қарай үлесі жайлы мағлұмат берді. Йенигүн 2018 жылы жұмыстарының %46 Еуразия, %26 Таяу Шығыс, %18 Африка, %6 Еуроодақ, %3.2 Оңтүстік Азия мен Қиыр Шығыс және %0,6-ын Америка елдерін қамтығанын тілге тиек етті.

Ватан газеті «Түркияға 400 жыл жететіндей жартас тұзы резерві бар» атты хабар жариялаған. Чанкырыда хеттерден бері жартас тұзы шығарылған үңгірдің Түркияға 400 жыл жететіндей жартас тұзы резервіне ие екені атап көрсетілді. Археологиялық мағлұматтарға қарағанда хеттер тарапынан жартас тұзы шығарылған орталыққа 19 шақырым қашықтықтағы тұз шахтасында өндіріс жұмыстары жекеменшік бір фирма тарапынан жалғастырылуда.



Ұқсас жаңалықтар