Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1126528
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Президент Ердоғаннан маңызды мәлімдеме» деген тақырып қолданған. Президент Режеп Тайып Ердоған Сирияда қалыптастырылуы мүмкін сенімді аймақ жобасында террорлық ұйымның орын алмайтынын айтты.  Ердоған Түркияның Сирияда сенімді аймақ қалыптастыру пікірін АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обамаға да ұсынғанын атап көрсетіп: «Америка Құрама Штаттары Сирияда әуе кеңістігі бақылауын қолға алса,  біз де құрлықта барлық қауіпсіздікті қамдауымызға болады деген едік.  Обама осы тақырыпта қажетті қадамдарды баспады.  Мен бұл жобаға жылы қараймын. Осыған байланысты жұмыс істеуге болады» деді.

Сабах газеті «Министр Берат Албайрак хабарлады» деген тақырыппен хабар жариялаған.  Қазына және қаржы министрі Берат Албайрак әлеуметтік желіден 2018 жылдың желтоқсан және қаңтар-желтоқсан кезеңінің бюджет орындау қорытындысы туралы жазба жариялады.  Министр Жаңа экономикалық бағдарламада 2018 жылдың аяғының бюджет олқылығының 72,1 миллиард лира деп болжағандарын еске салып,  «Бюджет олқылығы біздің болжамымызға сай жүзеге асты. Жаңа Экономикалық бағдарламада 1,9 пайыз деп анықталған бюджет олқылығы ұлттық табысқа қатынасы жөніндегі мақсатты дөп келтірдік» деді.

Хабертүрік газеті Сабиха Гөкчен әуежайындағы жолаушы санына байланысты хабар жариялаған.  Жолаушы саны тұрғысынан Түркияның екінші, Еуропаның ең ірі 13-ші әуежайы деп есептелетін Стамбул Сабиха Гөкчен Халықаралық әуежайы 2018 жылы жолаушы санын 9 пайыз арттырды. Осы әуежайдан барлығы 34 миллион 58 мың 917 жолаушы келіп кеткен.

 Стар газеті де Түрік Әуе жолдарының хабарына орын берген.

Түрік Әуе жолдары Америка құрлығындағы Мехико-Сити және Канкунды ұшу желісіне қосады.

THY Баспасөз қызметінің хабарламасына қарағанда,  Түрік Әуе жолдарының Америка құрлығындағы 18-ші және 19-шы ұшу пункттары Мехико-Сити және Канкунға сапарлары 21 тамызда басталады. рейстер Стамбул-Мехико-Сити-Канкун-Стамбул бағытында аптасына үш күн атқарылады.

Ашылатын жаңа рейстер арқылы Түрік Әуе жолдары Орталық Американың ең үлкен елі Мексиканы да желісіне қосып,  Стамбул әуежайынан ауқымды территориямен байланыс мүмкіндігін ұсынады.

Ватан газеті «Алмұрт пен айва 2018 жылды экспорт рекордымен аяқтады» деген.  Түркияның түрлі қалаларында өсетін алмұрт өткен жылы 53 елде тұтынылды.  Алмұрт экспорты 2018 жылы 2017 жылмен салыстырғанда 33,7 пайыз артып, 36,2 мың тоннадан 48,5 мың тоннаға жетті. Хабарға қарағанда экспорттан түскен табыс та шамамен 10 пайыз артып,  20,3 миллионнан 22 миллион долларға жетті. Түркияның айва экспорты да былтыр 5 пайыз артып,  19,9 мың тоннаға көтерілді.



Ұқсас жаңалықтар