Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Таймс Ердоған бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK тақырыбында дұрыс айтады» деген хабарға орын берген. Газет Ұлыбританияда шығатын Таймстың интернет сайтындағы анализінде президент Режеп Тайып Ердоғанның YPG тақырыбындағы көзқарасының дұрыс екенін жазғанын жеткізген. Газет сонымен қатар  PKK мен YPG-нің бір айырмашылығының болмағанын білдеріп, әлемнің алдыңғы қатардағы капиталист күші болған, сондай-ақ НАТО-ның және Батыс одақтастың лидері болған АҚШ-тың террор ұйымы YPG/PKK-ға  қолдау жасауының түсініксіз екенін жазуда.

Ватан газеті «АҚШ делегациясы Патриотты сату үшін келуде» атты тақырып қолданған. Газет 15-16 қаңтарда АҚШ-тан бір делегацияның Патриот әуе қорғаныс жүйелерінің сату келіссөздері үшін Түркияға келетінін хабарлаған. Газеттің хабарына қарағанда АҚШ делегациясы алдымыздағы апта Қорғаныс өнеркәсібі министрлігінде кездесу өткізеді. АҚШ тарапының Патриотты сатуының алғы шартының Түркияның Ресейден S-400 алудан бас тартуы болмақ. Алайда Түркия S-400 алуы жөнінде бекімді. Түркиядан бір делегация да қаңтар айының аяғында Вашингтонға барады.

Сабах газеті хабарын «Түркияның ұлттық компьютер бағдарламасы маңызды» деген тақырыбымен берген. Газет әскери платформалар және басқару орталығы арасындағы әдістеме мағлұматының дұрыс түрде берілуі мақсатымен жүргізілген жұмыстарда маңызды бір табысқа қол жеткізілгенін мәлімдеген. Газеттің хабарына қарағанда компьютер бағдарламасы технологиясы фирмасы MilSOFT тарапынан отандық және ұлттық компьютер бағдарламасын дамытты.

Хабар Түрік газеті «Нысана--70 миллион турист және 70 миллиард долларлық кіріс» атты хабарға орын берген. Газет Мәдениет және туризм министрі Мехмет Эрсойдың Голландияның Утрехт қаласында биыл 49-шысы ұйымдастырылған туризм жәрмеңкесіне қатысқанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда түрік туризм секторлары қатты  көңіл бөлген жәрмеңкеде министр Эрсой түрік туризмінің 2018 жылы үлкен табыстарға қол жеткізгенін білдірді. 2019 жылы турист саны тұрғысынан 18-20 пайыздық арту күткендерін баяндаған Эрсой «2019 жылы Түркияға 52 миллион турист келуін күтеміз. Нысана-70 миллион турист және 70 миллиард долларлық кіріс» деген сөздер қолданды.

Стар газеті «Халал туризм саласында үлкен жүлде» деген тақырып қолданған. Газеттің хабарына қарағанда халал туризм саласында Түркиядағы алдыңғы қатардағы бес жұлдызды қонақ үйі «Adin Beach Hotel» керемет қызметімен  «HolidayCheck 2019»  жүлдесін алды.

 

 

 

 


Этикеттер: туризм , мәдениет , АҚШ

Ұқсас жаңалықтар