Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер Түркия жайлы жаңалықтарға кең орын берген.

Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоған мен Путин Стамбулда бас қосады» атты хабапр жариялаған. Хабарға қарағанда 19 қараша дүйсенбі күні Түрік ағыны табиғи газ құбыр желісінің теңіз бөлімінің аяқталуына орай рәсім ұйымдастырылады. Президент Ердоған  рәсім үшін Стамбулға келетін Ресей президенті Владимир Путинмен бас қосады. Ердоған мен Путин рәсімде Стамбулдан видео конференция арқылы қатысады. Аяқталған кезде мың 100 шақырым қашықтығында болатын Түрік ағыны құбыр желісінің 937 шақырымдық бөлімі теңіз астынан өтеді. Желі орыс табиғи газын Еуропаға тасымалдайды.

Йени шафак газеті «Түркия Кашыкчы қастандығы дәлелдерін Францияға берді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Әділет және даму партиясы мәлімдемешісі Өмер Челик француз Сыртқы істер министрі Джан-Ив Ле-Дарианның Кашыкчы қастандығы үстінен Түркияны нысанаға алған сөздерімен байланысты үн таспаларды француз барлау ұйымымен бөліскені атап көрсетілді. Челик «Кашыкчы қастандығының үн таспасын көшіріп бердік. Франция Сыртқы істер министрінің сөздерін айыптаймыз. Жауапкерсіз бір мәлімдеме. Соншама бейхабарлық таң қалдырады. Француз Сыртқы істер министрі осы тақырыпты қадағаламайтын болса, бұл олардың мәселесі. Өз барлау ұйымдарынан бейхабар» деді.

Стар газеті «Батыс Қаратеңізде бай резервтер анықталды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия Жерорта теңізіне қоса Қаратеңізде де табиғи газ бұрғылау жұмыстарын жылдамдатты. Қаратеңізде Барбарос атындағы Сейсмикалық зерттеу кемесі жүргізген жұмыстар нәтижесінде Батыс Қаратеңіздің бай табиғи газ резервтері анықталды. Бұрғылау Болгария мен Румыния теңіз шекаралары мен Түркия шекарасы тоғысқан желіде Дунай блогында жасалады.

Хүррийет газеті «24 мың түрік лирасы айлықпен еліңе орал» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда дарынды азаматтардың шетелге көшін теріске айналдыруды жылдамдату мақсатты басталған «Халықаралық басшылық жасаушы зерттеулер бағдарламасы» қолдауларды жариялады. Осыған қарағанда зерттеу үшін 1 миллион лира бастапқы қаржы бөлінетін зерттеушілер, айына 24 мың лира шәкіртақы алатын болады. Қолдаулар жұбайы және балаларын да қамтиды. Отбасылық тіршілік шығыны шәкіртақы ретінде 2 мың 250 лира алатын зерттеушілердің жұбайылары мен балалары үшін сақтандыру және жолақы қолдауыда қамтамасыз етіледі.

Ватан газеті «Түркияның алғаш жүргізушісіз метро желісі Еуроодақта бірінші болып сайланды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның алғашқы жүргізушісіз метросы болу ерекшелігіне ие Стамбулдағы Үскүдар-Үмранийе-Чекмекөй метро желісі Халықаралық қоғамдық қатынас Одағы (UITP) тарапынан Еуропада бірінші болып сайланды. Бір жолда мың 620 адамды тасымалдау күшіне ие Үскүдар-Үмранийе-Чекмекөй метро желісі осы тұрғыдан әлемде үшінші орын алады.



Ұқсас жаңалықтар